Кино

Том Круз 80 жасқа дейін «Миссия невыполнима» фильмінде ойнауды жоспарлауда

Биыл 61 жасқа толған Том Круз зейнеткерлікке шығуды жоспарламайды және кем дегенде тағы 20 жыл «Миссия невыполнима» фильмдерінде ойнауды күтеді. Бұл туралы актер франшизаның келесі бөлігінің Сиднейдегі премьерасында мәлімдеді.

Оған мысал ретінде жақында «Индиана Джонс и колеса судьбы» блокбастерінде басты рөлді сомдаған 80 жастағы аңызға айналған Харрисон Фордты келтіруге болады.

Том Круз айтуында, Харрисон Форд – аңыз. Менің оны қуып жетуіме 20 жыл бар. Мен оның жасына жеткенше «Миссия невыполнима» фильмдерін түсіруді жалғастырамын деп үміттенемін.

Бұл фильмде Том Круз супер тыңшы Итан Хантты ойнайтын әйгілі франшизадағы жетінші экшн фильмі. Алғашқы фильм 1996 жылы актер 34 жаста болған кезде жарыққа шықты.

Ұқсас посттар