Денсаулық

Ғалымдар жастық кезеңді ұзартатын ғажайып ферментті анықтады

Бұл денеден алкогольді кетіруге көмектеседі, сонымен қатар көп жей тұра семірмеуге мүмкіндік береді – бұл бәрінің арманы.

Вирджиния университетінің (АҚШ) ғалымдары денсаулықты жақсартатын және жастық кезеңді ұзартатын ферментті тапты. Олардың зерттеуі Current Biology журналында жарияланған.

Белгілі болғандай, ағзадан алкогольді ыдыратуға және шығаруға жауап беретін алкогольдегидрогеназа (ADH) ферменті де сау қартаюға демек, өмірдің ұзаруына ықпал етуі мүмкін. Бірақ мәселе ол уақыт өте келе өнімділігін жоғалтады. Дегенмен, оны ADH1 генін белсендендіру арқылы қайтаруға болады – бұл алкогольдегидрогеназаның бір түрі. Ғалымдар бұл процесті AMAR (алкоголь немесе альдегид арқылы жасалған қартаюға қарсы реакция) деп атады, бұл санскрит тілінен аударғанда «өлместік» дегенді білдіреді.

Вирджиния университетінің биология кафедрасының доценті Айлин Джоржелина О’Рурк: «Бұл жаңалық күтпеген жерден болды. Біз ұзақ өмір сүрудің сыры аутофагия деп аталатын жасушаның жасару процесінің белсендендіруінде жатыр дегенге негізделген гипотезаның жолын ұстандық және нәтижесінде денсаулықты жақсартатын бұрын белгісіз механизмді аштық.

Осы уақытқа дейін генетика құрамының 70%-дан астамын адамдармен бөлісетін Caenorhabditis elegans топырақ құртына эксперименттер жүргізілді. AMAR механизмі олардың денсаулық көрсеткіштерін жақсартып қана қоймай, олардың өмірін 50%-ға ұзартты.

Сонымен қатар, ADH1 белсендендіру денедегі салмақтың өсуіне қарсы тұрып,  тіпті салмақты жоғалтуға да ықпал етті.

«Белсенді ADH1 гені жануарлар қалағанынша жесе де, арық болуға ықпал етеді», – деді Эйлин Джоржелина О’Рурк New Atlas-қа берген сұхбатында.

Енді ғалымдар олардың механизмін тышқандарда сынап көргісі келеді, содан кейін өсірілген адам жасушаларымен зерттеу жүргізеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *